Елімізде кәсіпкерлерге қойылатын талаптар реестрі әзірленеді

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында мәлімдеді. Жаңа қағида кәсіп иелерінің жүктемесін азайтуға септеседі. Бизнесті тексеру тек нақты заңды бұзу деректері тіркелгенде жүргізіледі. Енді ешқандай артық тексерістер болмайды. Жаңа заң жобасына сәйкес кәсіпкерлер электронды форматқа есеп береді. Алайда депутаттар елді мекендердегі интернет сапасының төмен болуына байланысты, есеп беруді электронды форматқа ауыстырудың мүмкіндігіне күмән келтірді.