Алматы облысы білім басқармасының басшысы қамауға алынды

Сот Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованы қамауға алды. Бұл туралы облыстық прокуратура ресми сауалға жауап жіберді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Майгүл Омарова мен “Алматы облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығы” басшысы Арапби Меңлібаев қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Тергеу материалдарына сәйкес, Майгүл Омарова 2020 жылдың қазан-қараша айларында жалпы сомасы 406 миллион теңгеге 2522 ноутбук жеткізуге және пандемиямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы іс-шаралар шеңберінде сатып алынған ноутбуктерді кедергісіз қабылдауға мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған.