Қазақстанда ИП яғни, жеке кәсіпкерлікті жабу жеңілдейді

Қазақстанда ИП яғни, жеке кәсіпкерлікті жабу жеңілдейді. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жеке кәсіпкерлер үшін E-Salyq Business қосымшасы әзірленіп жатыр. Бұл жоба арқылы жеке кәсіпкерлікті ашып, жабу оңай болады. Сондай-ақ салық есептерін тапсыру жеңілдейді, коммиясия мен операторларға ақы төлемеуге болады. Қосымша салық есебін автоматты түрде шығарады, кейін оны салық төлеуші қабылдайды немесе өзгеріс енгізе алады – деп хабарлады Tengrinews.