Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясы 9 жылға сотталды

Алматы облысында Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменовке қатысты соталды тергеу аяқталды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сүлейменов орман шаруашылығының директоры Юлдашовтан өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалдырғаны үшін облыстық судьяларға беремін деп 12 миллион теңге сомасында ақша алды деп күдікке ілінген. Осы үкім бойынша Юлдашов пара беруге оқталғаны үшін және Имиров пара беруге қатысқаны үшін 8 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.