“СҚ-Фармацияның” бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта ақталып шықты

“СҚ-Фармацияның” бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта ақталып шықты. Ақтау үкімін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Берік Шәріп “Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану” және “Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” баптары бойынша айыпталған болатын. Прокурор Дастан Купербаев соттан “СҚ-Фармацияның” бұрынғы басшысы үшін бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.