Қызылордада жол апатынан екі адам көз жұмды

Қызылордада көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағдаршамға тоқтап тұрған жедел жәрдем көлігіне соқтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Медициналық қызмет көлігінің жүргізуші мен фельдшер жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тексеру кезінде Toyota Land Crusier автокөлігі жүргізушісінің орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды. Ең сорақысы, ол 2016 жылдан бері көлік басқару құқығынан айырылған екен. Қазір ол қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.