Ауғанстандағы ұшақ апатынан төрт адам аман қалды

Тағы екі адамның тағдыры әлі белгісіз. Құтқарушылар Ауғанстанда апатқа ұшыраған Falcon 10 ұшағын тапты. Ұшақ Ресейдің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген. Ұшақ чартерлік санитарлық рейсін орындаған. Falcon Үндістанда жанармай құйып, маршрут бойынша одан әрі ұшып шыққанда радардан жоғалып кеткен. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.