Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке алғыс айтты

“Мемлекет басшысы Байбекке Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс білдірді”, – деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне 2019 жылдың маусымында тағайындалған болатын. Ол 2002 жылдан бастап президент әкімшілігінде түрлі қызмет атқарған. Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда «Нұр Отан» партиясының құрылымын оңтайландыруды тапсырды.