Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхананы жойғанын мәлімдеді

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхананы жойғанын мәлімдеді. Арнайы жүргізілген операция нәтижесінде Қазақстанның үш азаматы мен бір шетелдікті ұсталды. Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында, кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің “Deep Web, Darknet” көлеңкелі сегментінің платформасында “қойылма” деп аталатын жолмен жүзеге асырылған. Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.