Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасында автокөлік өткізу пунктері алдағы 3 күн жұмыс істемейді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. “Қытайда мерекеге байланысты 21-23 қаңтарда автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді. Теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады”, – делінген ақпаратта. Комитет тасымалдаушылардан және шекарадан өтетіндерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады. Айта кетері Қытай Жаңа жылды енді тойлайды. Өйткені Азия елдерінде Қоян жылы 21-23 қаңтарда кіреді. Қытайда мереке және демалыс күндері 27 қаңтарға дейін жалғасады.