Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев мемлекет басшысының өкімімен осындай қызметке келді. Ол -“Болашақ” халықаралық білім беру стипендиясының түлегі. Қоныспаев дипломатиялық қызметін Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 2001 жылы Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесінен бастаған. 2002 жылы Қазақстанның Германиядағы елшілігіне атташе болып жолданды. Оның II дәрежелі кеңесші дипломаттық дәрежесі бар.