Ақтөбе облысында қаржы пирамидасы белгілері бар компания анықталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасының белгілері бар компанияны анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ портал. Ведомствоның мәліметінше, компания өздерін “Crowd 1” халықаралық желілік ұйым ретінде таныстырып, халыққа виртуалды жер учаскелерін сатып алу бойынша құны мен түрлері әртүрлі “пакеттерге” инвестиция салуды ұсынғаны анықталған. “Пакеттер” ақ, қара, алтын және титан деп бірнеше түрге бөлінген. Бағасы 99 еуродан басталып, 2 499 еуроға дейін жеткен. “Осылайша, ұйымдастырушылар адамдарға кепілдендірілген пайда табуға болатынын айтып, уәде берген”, – дейді қаржы мониторингі агенттігі. Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталған.