Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

23-28 желтоқсан аралығында Алматы тауларында көшкін қаупі сақталады. Төтенше жағдай департаментінің мамандары қарлы беткейлерге шығуға болмайтындығын айтады. Сонымен қатар тұрғындарға тауда сақтық шараларын сақтауға кеңес береді. Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында барлығы 48 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін.