Алматыда Mercedes-тің қымбат бөлшектерін ұрлау жиілеп кеткен

Алматыда Mercedes бөлшектерін ұрлау деректері жиілеп кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұрлық деректерінің бірі “Ақбұлақ” және Алғабас тұрғын үй кешенінде болған. “Осыдан 3-4 күн бұрын Алатау өңірінде Mercedes көліктерінен көлем өлшегіштерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас үш эпизодқа қатыстылығы дәлелденді. Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысатын өзге де адамдарды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды”, – деді Алматы полициясының баспасөз қызметі өкілдері.