Алматы әуежайында ер адамның өзін-өзі өртеуіне отбасылық жанжал себеп болған. Көліктегі полициясы департаментінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлайды. Ер адамға дер кезінде полиция мен әуежайдың қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері көмектескен. Мамандар оны дереу қалалық №4 клиникалық ауруханаға жеткізді. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде хаттамаға сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, – делінген хабарламада. Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, бұл жағдай әуе айлағының жұмысына әсер етпеген. Терминалдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
