Алматыда 5 адам қаза болған үй кімге берілетіні анықталды

Сот орындаушыларының айтуынша, үйден адамдарды шығару туралы шешім өзгертілген жоқ. Құжат әлі де қаралады. 20 қыркүйекте болған қайғылы жағдайға байланысты іс басқа сот орындаушысына берілді. “Жаңа сот орындаушысы бәрін жалғастырады. Бірақ заңды мирасқор марқұмның жақын туыстары келгенше күтеміз”, – деді Алматы қаласы жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Руслан Исаев. Тұтқындалған Игорь Дужновтың отбасы қыстың басталуына орай көшірілмейді. Өйткені суық мезгілде адамдарды үйден шығару заңда рұқсат етілмеген деп хабарлайды Жетінші арна.