Қаржы мониторингі агентігінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Сот үкімі бойынша B2B Jewelry зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған, қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылды, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ведомство мәліметінше, қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты соталды іс жүргізу аяқталуға жақын.