Алматыда барахолкадан өрт шықты

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Рахат базарының артындағы қоймадағы өртті сөндіруге токсан адам, жиырма бес техника жұмылдырылған. “Алапат өрт оқшауланды. Жану ошағын анықтауға тепловизорлар тартылды, қойманың бетон конструкциялары құлауы мүмкін. Қабылданған жедел шаралар арқасында іргелес және көршілес контейнерлер, тауарлары, материалдық дүниелері бар қоймалар қорғалды”, – деді Алматы ТЖД өкілі.