Риддерде істен шыққан қазандық іске қосылды

Қазір станцияда барлығы 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Үйлерге тарайтын жылу температурасы 57 градусқа жетті. Сондай-ақ бүгін таңертең жылу орталығына 4 цистерна мазут жеткізілді. Естеріңізге салсақ, Риддердің жылу энергия орталығында қазандықтар істен шығып, қала бірнеше күн жылусыз қалған. Бір қазандық бұзылып, оны жөндеп жатқанда екіншісінен ақау шыққан болатын. Облыс басшысы кәсіпорынның жұмысын сынға алып, мекемені мемлекет балансына өткізу қажеттігін айтты.