Талдықорғанның бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Дастан Балтабаев бүгіннен бастап энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды. Ол әр жылдары өңірдің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2022 жылғы тамыздан бастап Жетісу облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.