Елордалықтар 6 мамырдан бастап қытайлық «Sina Pharm» вакцинасын еге алады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты. Өткен тәулікте 4535 ПТР-сынамасы алынды. Оның ішінде 235 жаңа жағдай расталса, 75 адамда қайталанған жағдай тіркелді. Пандемия кезінен бастап бір 1 млн 300 мыңнан астам ПТР-сынама жүргіздік. Қазір ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында жаппай вакцинациялау жүзеге асырылып жатыр. Елорда халқының 60 пайызын вакцинациялау көзделіп отыр. Қазір 118 мың адам вакцина алды, – деді Тимур Мұратов.