Алматыда карантин күшейтілді

Базарлардың жұмыс уақыты шектеледі. Бұл сауда нысандары 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сауда орталықтарындағы тамақтану және ойын-сауық объектілерінің жұмысы уақытша тоқтайды. Ал орталықтың өзі сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды. Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар, банктер, ұлттық компания филиалдары қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылады. Онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелетін болады. Қоғамдық тамақтану объектілері 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Қоса кетсек, бұған дейін коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты бірқатар облыста карантин күшейтілген еді.