Алматыда карантин режимін сақтамаған мыңнан астам адамға айыппұл салынды

Фото: Sputnik

Алматыда карантин нормаларын сақтамаған мыңнан астам адамға айыппұл салынды. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалада гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінен арнайы мониторинг жүргізетін топтар құрылды.

“5 шілдеден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 022 адам тартылды. Оның ішінде 90 адам өткен тәулікте анықталды”, – делінген ақпаратта.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша медициналық бетперде тақпағаны үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады