Алматыда кезекті қаламаңы маршруты іске қосылады

Ол – №216 жаңа маршрут. Автобус Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді. Желіде 45 минуттық жиілікпен 5 автобус қатынайды. Бұл туралы Алматы Қалалық мобилділік басқармасы хабарлады. Қоса кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында басқарма биыл 25 елді мекенді қамтитын 10 қаламаңы маршрутын ұйымдастырмақ. Бұған дейін 7 маршрут іске қосылды. Бұдан бөлек, келер жылдың соңына дейін қала маңындағы 20 жаңа маршрут ұйымдастыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 50 елді мекен автобуспен қамтамасыз етілмек.