Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7 есеге өскен

Алматыда коронавирустың өсу қарқынының эпидемиологиялық жағдайы қиындап барады. Бұл туралы бүгін қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматыда коронавирус ауруының өсуі қазан айында басталды. Бұл айда 366 науқас тіркелген болатын, бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 2,2 есе жоғары (165 жағдай). Ал қыркүйекпен салыстырғанда қарашада ауру 7 есеге өсті”, – деді бас санитарлық дәрігер. Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 813 адам тіркелген. Соның ішіндегі 74 дерек Алматы қаласында тіркелген.