Алматыда коронавирустың “Дельта плюс” штамы анықталды

Алматыда коронавирус геномына секвенирлеу жасалғаннан кейін “Дельта плюс” штамы анықталды. Бұл жөнінде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. “Күрделі әдіс арқылы анықталады. Бүгін ғана соңғы секвенирлеу сынағының нәтижесі қолымызға тиді. Алты үлгіден “Дельта плюс” штамы анықталды. Осыған дейін ол қалада болмаған, тек болуы мүмкін деген күдігіміз болған” деді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.