Серік Жұманғарин «Құдайды күлдіргісі» келмейтінін айтты

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин жаңа жылдан кейін азық-түлік бағасы тағы қымбаттап кетпей ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. «Құдайды күлдіргің келсе, ертеңгі жоспарыңды айт деген мақал бар ғой. Болжам жасай алмаймын. Пандемияға байланысты бәрі. Қазір жағдай жақсарып жатыр. Бүкіл әлемде! Сол себепті әлбетте, біз келесі жылға оптимизммен қараймыз. Бағаның өсу серпінін тоқататамыз деген. Бірақ бағаның өсуіне әсер ететін факторлар әлі де көп», – деді Серік Жұманғарин.