Алматыда ковид жұққандар саны 8 есеге артқан

Алматыда эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр. Соңғы аптада ковид жұқтырғандардың саны 8 есеге өскен. Өйткені қалада Омикрон штамы кеңінен таралып жатыр. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары хабарлады. Соңғы тәулікте қалада 1580 адамнан, коронавирус инфекциясы анықталған. Салыстырмалы түрде айтсақ, қала жасыл аймақта болғанда, бұл көрсеткіш тәулігіне 35 адамнан аспайтын. «Жұқпалы аурудың басым бөлігі омикрон штамы. Оны негізінен жастар жұқтырып жатыр»,-дейді маман. Өйткені, қазір вирустың, адамнан адамға жұғу көрсеткіші, үш есеге артқан. Аса қауіпті штамның белгілерін, тұмаудан айыру қиын.