Мәжіліс сайлау және саяси партиялар туралы заң жобаларын мақұлдады

Мүмкіндігі шектеулі адамдар партиялық тізімдерге міндетті түрде енгізіледі. Бүгін Мәжіліс сайлау және саяси партиялар туралы заң жобаларын мақұлдады. Жаңа түзетулерге сәйкес, саяси партиялар Мәжіліске ұсынатын кандидаттар тізімін құрастырған кезде 30 процентін жастар мен әйелдерден бөлек мүмкіндігі шектеулі адамдарға да орын беруі керек. Құжаттың мақсаты – квота берілетін санаттарды оған мүгедектігі бар адамдарды енгізе отырып кеңейту. Әйелдерді, жастарды және мүгедектігі бар адамдарды елдегі саяси мәселелерге белсенді тарту елдің неғұрлым осал және проблемалық мәселелерін сапалы шешуге кепілдік береді.