Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады. Айтуларынша, еліміздің батысында 28-30 қаңтар аралығында күн жылынады.”Антициклон кезеңінің басында еліміздің барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, 29 қаңтардан бастап батыс өңірлерге Солтүстік-Батыс циклоны, ал 30 қаңтардан бастап Оңтүстік циклон оңтүстік аймаққа әсер етеді. Олар жаңбыр мен қар түсуіне себеп болады. Сонымен қатар температура айтарлықтай жоғарылайды”, – деді метеорологтар.