Алматыда полицей әріптесін атып өлтірді

Алматы полиция департаментінің қызметкері әріптесін байқаусызда атып өлтірді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. “Бүгін, 5 маусымда табельдік қаруды абайсызда қолданудың салдарынан пост полициясы әріптесін атып алды. Оқ тиген қызметкер қайтыс болды. Қылмыстық іс ҚК 104-бабы “Абайсызда қазаға ұшырату” бойынша тіркеліп, сараптамалдар жасалып жатыр”, – делінген хабарламада. Бұған дейін телеграм-арналардың бірінде оқ марқұмның басынан тигені туралы ақпарат тарады. Ақпаратта полиция қызметкерлерінің арасында жанжал туындамағаны, қайғылы оқиға екеуара әңгімелесіп отырған кезде абайсызда болғаны туралы жазылған.