Күллі әлем қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы “Атамекен” этно-мемориал кешенінде өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда. Ең алдымен, Құрмет қарауылы ротасының бастығы рәсімге дайындығы жөнінде Президентке рапорт берді. Содан кейін мемлекеттік әнұран шырқалып, көк байрақ көкке көтерілді. “Біз бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеміз. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшылар жеңіс тұғырынан желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты. Күллі әлем Қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды, – деді мемлекет басшысы.