Алматыда шектеу шаралары жеңілдетілді

Эпидахуалы жақсарған Алматыда карантин талаптары жеңілдеді. Қаланың бас санитарының жаңа қаулысымен, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жексенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Азық-түлік және басқа да жабық базарларға жұмыс күндері және демалыс күндері толтырылуы 30 проценттен аспаған жағдайда барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс істеуіне болады. Сондай-ақ жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындары таңғы сағат 07:00-ден түнгі 12:00-ге дейін адамдарды қабылдай алады. Алайда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Сонымен қатар көрермендер саны залдың 30 процентінен аспайтын кезде театрлардың, кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етілді.