Денис Тен қаза тапқан жерге жақын маңда танымал блогердің көлігіне шабуыл жасалды

Алматылық блогер Арман Юсупов танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қаза тапқан жерге жақын маңда көлігінен сөмкесі ұрланғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Блогер Instagram-да көлігін көрсетіп, терезесі шағылғанын және жеке заттары бар сөмкесі ұрланғанын айтты. Блогер екі жылдан аса уақыт бұрын болған қайғылы оқиғаға қарамастан бұл аудандағы камера мәселесі әлі шешілмегеніне налыды. Ол осы аудандағы бейнебақылау камераларына қатысты әкімдікке үндеу жасап, жағдайды бақылауға уәде берді.