Алматыда тау беткейлерінде құрылыс салуға тыйым салынады

Алматы әкімі Ерболат Досаев осылай деп мәлімдеді. Ол еңістерде құрылысқа тыйым салу туралы шешім мәслихат сессиясында ресми түрде қабылданатынын хабарлады. Ол үшін құрылыс ережесіне өзгерістер енгізіледі. Қала басшысы Медеу ауданының халқымен кездесуінде мегаполистің таулы аймақтарындағы алма бақтарын кесудің қауіп-қатері туралы айтты.