Алматыда тіркеуде тұрмайтын жастар баспана алатын болды

Алматыда жұмыс істейтін, алайда қалада тұрақты тіркеуде тұрмайтын жастар жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы баспана алу үшін құжат тапсыра алады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін бағдарлама шартында өтініш берушінің соңғы 2 жылда Алматы қаласында тіркеуде болуы талап етілетін. “Талап жеңілдегендіктен бұған дейін, қабылданбаған өтініштер қайта қаралады”, – деп жазды қала әкімі.

Осылайша, 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады. Бағдарлама бойынша 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен үлестіріледі.