Депутаттар елімізде ұлттық деңгейде карантин енгізуді ұсынды

Мәжілістің бір топ депутаты коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты ұлттық деңгейде қосымша карантин шараларын енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Ақ жол” фракциясының депутаттары өз депутаттық сауалын премьер-министр Асқар Маминге жолдады. Мәжілісмен Меруерт Қазбекованың айтуынша, шектеулер алынғаннан кейін, бірқатар өңірде вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны күрт өскен.

“Індеттің өршуіне адамдардың қауіпсіздік талаптарын елемеуі себеп болғаны сөзсіз. Сол себепті біз жағдай ушығып тұрған аймақтарда карантинді күшейтуді қолдаймыз”, – деді депутат.