Алматыда әуежайға дейінгі екінші метро желісін салу үшін 93 жер телімі алынады.

Алматыда әуежайға дейінгі екінші метро желісін салу үшін 93 жер телімі алынады.

Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан жер учаскелері мәжбүрлеп иеліктен шығарылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің қаулысында көрсетілген.

Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі — 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етеді.

Жер телімдері сатып алынғаннан кейін Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының теңгеріміне беріледі.