Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицей жер қойнына тапсырылды

Алматыда Ақбұлақтағы атыс кезінде қайтыс болған учаскелік инспектор, полиция майоры Дархан Сүлеев жер қойнына тапсырылды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жерлеу рәсімі сәрсенбі күні таңертең Кеңсай зиратында өтті. Полицеймен қоштасу рәсіміне туыстары, қалалық полиция департаментінің басшылығы мен әріптестері, министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев келген. Полиция қызметкерін ақтық сапарға шығарып салу кезінде ауаға оқ атылды. Сондай-ақ бүгін Алматы облысында қайтыс болған екінші учаскелік инспектор Нұрбол Байғазиев те жер қойнына тапсырылды.