Байден жаңа пандемияға дайындалуға шақырды

АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік қоғамдастыққа үндеу тастап, келесі пандемияға бірлесіп дайындалуға шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.Байден бүгінде әлемнің барлық елі таңдау алдында тұрғанын айтты.”Біз адам өмірі үшін бірге күресеміз бе, COVID-19-ды жеңу үшін жиналып, келесі пандемияға қарсы тұру үшін барлық қажетті қадамдарды жасаймыз ба? Немесе вирустың жаңа, қауіпті нұсқаларына тап болғанда қолда бар құралдар мен білімді қолдана алмаймыз”, – деді Ақ үй басшысы.