Алматыдағы мәйітхана директорына қатысты сот үкімі шықты

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Медеу аудандық №2 сотының үкімімен “Қалалық патологоанатомиялық бюро” мекемесінің директоры Б.Әлібеков 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Айта кетейік, Әлібеков мемлекеттік сатып алулар келісімшарты бойынша 4,5 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражатты жымқырғаны үшін айыпталған. Осы қаржыны ұрлау үшін “Veritas Primus” компаниясын құрып, өзі басқарған. Содан биологиялық қалдықтарды тасымалдау келісімшартын жасап, бюджет қаражатын жымқырыпты.