Шымкентте 5 жасар қызға жақын туысы азғындық жасаған

Шымкентте 5 жасар қызға жақын туысы азғындық жасаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызға ағайыны сексуалдық сипаттағы әрекет жасап жүргенін балақайдың анасы біліп қалған. Туыстарының қысымынан төрт баланың анасы бұл сұмдықты жария ете алмапты. Жәбірленуші отбасының танысы “Не молчи” қоғамдық қорына ауыр қылмыс жайында жеткізген. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Бұдан өзге ақпарат әзірге тергеу мүддесінде жария етілмейді деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.