Алматыда жанармай құю бекетін тонаған күдіктілер ұсталды

Қарақшылар 100 мың теңге мен екі телефонды қолды қылған. ” Бетперде киген екі адам қолдарында шеге суырғыш және балтамен жанар-жағармай құю бекетіне кіріп, кассир мен күзетшіні артқы бөлмеге қамап, қызметкерлердің телефондары мен кассадағы ақшаны ұрлап кеткен. Шабуылдаушылардың барлық әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Күдіктілер анықталып, қамауға алынды. Олар – 23 жастағы Т. есімді және 22 жастағы М. есімді ер адам. Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді”, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев. Полиция қызметкерлері олардың жеке басын бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.