Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді

“Бірінші сатыдағы сотқа Хаменовадан, оның адвокаты Вранчевтан апелляциялық шағым түсті. Бірақ іс әлі алқа қарауына берілген жоқ”, – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Еске салайық, Бақытгүл Хаменоваға алдын ала келісім бойынша пара алды деген айып тағылған болатын. Сот оны кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Бақытгүл Хаменованың кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу үш жылға шегерілген.