Алматылық судьядан тәркіленген қаржының көлемі айтылды

Алматы қалалық соты судья Светлана Жолманованы тінту кезінде миллиондаған доллар тәркіленді деген ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Алматы қаласы Медеу ауданының судьясы Жолманованың кабинетінен – 4 500 доллар, үйін тінту кезінде – 2,8 млн доллар, көлігінен – 600 000 доллар және табылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Құрылыс жүргізушіден алынған параның мөлшері – 1 180 млн доллар деген деректер шындыққа сәйкес емес”, – деді соттың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға. “Ақпарат ретінде, біз сізге кабинеттен 10 мың доллар тәркіленгенін, судьяның үйінен ештеңе тәркіленбегенін хабарлаймыз”, – деп толықтырды сот өкілі. Баспасөз қызметі судья Жолманованың өкілеттігі Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың бұйрығымен тоқтатылғанын атап өтті.