Алматының қақ төрінде журналистер аллеясы пайда болды

Алматының қақ төрінде журналистер аллеясы пайда болды. Қаланы көгалдандыруға атсалысу идеясын қазақ журналистері чатының өкілдері ұсынды. Бұл бастаманы Алматы әкімдігінің жасыл экономика басқармасы қолдап кетті. Содан басқармадағылар қаладағы бүкіл БАҚ қызметкерлерін осы игі іске үндеді. Нәтижесінде теле-радио, баспа және электронды ақпарат агенттіктерінің тілшілері 200-ге жуық талшын көшетін екті. Журналистердің аллеясы Абай даңғылының бойындағы «Алматыбасжоспар» ғимаратының алдында пайда болды. Қоса кетсек, талшын ағашы жер астындағы инженерлік желілерге кедергі келтірмейді. Өйткені оның тамыры тереңге жайылмайды. Қосымша ақпар, қазақ журналистері чатының пайда болғанына 4 жыл болды. Онда еліміздің 257 журналисі бар.