Алматыда мас ер адам полицейді ұрды

Алматыда мас ер адам полицейді ұрды. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, Арбатта полиция қызметкерінен тұрғындар көмек сұраған. Олар мас ер адамның әрекетіне шағымданған. Тәртіп сақшылары оған ауызша ескерту жасап, оны полиция басқармасына жеткізбек болғанда ер адам полицейді бетінен ұрған. Ол полиция басқармасына жеткізілді делінген хабарламада. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 жастағы Алматы облысының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол осыған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.