Прокуратура қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың санын айтты

Бұл ресми санаққа құқық қорғау органдарының азаптауынан қайтыс болғандар кірмеген. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді. “Біздегі бар ресми ақпарат бойынша 232 адам қаза болды. Қаңтардағы оқиға кезінде қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттерінен, қылмыскерлердің іс-әрекеттерінен қаза тапқан адамдар бар. Азаптаудан қайтыс болғандардың жеке тізімі бар, Мен қазір оның нақты санын айта алмаймын”, – деді Шындалиев. Кейін журналистің сауалына жауап берген Бас прокурордың орынбасары қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам, ал азаптаудан 6 адам қаза болды деп айтты.