Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “5 қаңтарда екі Полиция департаменті басшысы мен Алматыдағы үш департамент, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында департамент басшылары ғимаратты, соның ішінде қаруды қалдырып кеткені анықталды. Осы деректер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр”, – деді Асылов.