Елде 47 мың тоннадан астам қант қоры бар

Елде қант тапшылығы жоқ. Қазір республика бойынша 47 мың тоннадан аса қант қоры бар. Бұл туралы еліміздің сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев мәлім етті. Айтуынша, соңғы 5 күнде 500 мың келіден астам құмшекер сатылған. Ведомство басшысының мәліметінше, көтерме сауда орындарында қанттың бір келісі 300-320 теңге. Біз статистиканы бақылап отырамыз. Қазір республика бойынша орташа бағасы 300 теңгеден асты. Әрине нарықта шетелден импортталған қант та бар. Оның бағасы едәуір қымбат. Құны 700-800 теңге. Ал жеткізушілер арқылы әкелінген тауардың құны 280 теңге деді Ержан Қазанбаев.